Меню
Qazaqsha
Cинонимайзер
Жүктеу
Барлық сөз
Жоба жайлы
MS Word плагині
Сөздікқор
Іздеу
етінен
Іздеу нәтижесі
Сұраныс бойынша
30
нәтиже табылды
1
Етінен ет кесті
— Еш нәрсесін аямады. Ол жолдасы үшін қанын да аямайды, е т і н е н е т к е с і п б е р е д і (С.Байжанов, Сыр.). Асықпа, көрейінші жөндеп қана. Кетпесін жаңа тиген меңдеп жара. Е т&nb ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том. / Құраст.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А. Фазылжанова және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.
2
Етінен ет кесіп берді
— Жазалады, сот тарапынан жаза белгіледі, үкім шығарды. Қандай кәрмен ж а з а к е с с е де, бұл ұлықпен салысып қалмақ (М.Әуезов, Шығ.). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 7-том. / Құраст.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А. Фазылжанова және т.б. – Алматы, 2011. 752 б.
3
Етінен ет кесіп берсе де
— Жанын қаншама қинап, азаптанғанына қарамастан. Жауың мен сені еңіреткен ұзында өшпін, Қайтпастан етімнен етті кессең де (М.Әуезов, Таңд. шығ.). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5-том. / Құраст.: Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнісбеков және т.б. – Алматы, 2011. -752 б.
4
Етінен ет кесіп берсе де
— Жанын қаншама қинап, азаптанғанына қарамастан. Жауың мен сені еңіреткен ұзында өшпін, Қайтпастан е т і м н е н етті кессең де (М.Әуезов, Таңд. шығ.). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5 - том / Құраст.: Б. Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
5
Етінен өтіп, сүйегіне жетті
— Жанына өтті, шымбайына батты. Малқар жым болды. Аман айғайсыз, жәй сөйлесе де е т і н е н ө т і п, с үй е г і н е ж е т т і (Ғ.Мұстафин, Дауылда.). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6 - том / Құраст.: Ж. Қоңыратбаева, Ғ.Қалиев, Қ.Есенова және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
6
Етінен өтіп, сүйегіне жеткен
— Әбден бойға сіңген, қалыптасқан. Е т і н е н ө т к е н, с ү й е г і н е ж е т к е н, атадан мирас алған, ананың сүтіменен емген надандық әлдеқашан адамшылықтан кетірген (Абай, Тол. жин.). Кемік сүйек. ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
7
ЕТІНЕН ЕТ, СҮЙЕГІНЕН СҮЙЕК АЛУ
— (ҚХР) жазалау, қинау, жанын көзіне көрсету. Террорлықтың тақсіретін ең көп тарттым деген адам Жалшыбектей-ақ болар, етінен ет,сүйегінен сүйек алды (Ү. Қан„ Бұрқ., 110). ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.
Ең көп ізделген сөздер
ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
ТАҒЫ
ҚАР
ЖҮКТЕУ
АППЛИКАЦИЯ
ЖАРАПАЗАН
АҚПАН
ӘУЛЕТ
АҚПАРАТ
Telegram мессенджерін жиі қолданасыз ба?
Онда төмендегі батырма арқылы, сайттың telegram-ботын сынап көр.
Іздеу