Меню
Qazaqsha
Cинонимайзер
Жүктеу
Барлық сөз
Жоба жайлы
MS Word плагині
Сөздікқор
Іздеу
жүлдегер
Іздеу нәтижесі
Сұраныс бойынша
7
нәтиже табылды
1
ЖҮЛДЕГЕР
— (пар. жүлде гер گر جلده) – сыйлық алып, жүлдеге ие болушы. ...
Г. Мамырбекова. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. 2017. –658 б.
2
ЖҮЛДЕГЕР
— көпшілік қатысқан додада жеңіске жетіп, арнайы тағайындалған сыйлықты жеңіп алған адам. ...
Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
3
Жүлдегер
— зат есім. Жарыста озып шығып, жүлделі орынға ие болған адам. Ғұсман Қосанов СССР спортына еңбек сіңген мастер, олимпиалық ойындарға қатынасқан бірінші қазақ спортшысы, Рим олимпиадасының ж ү лд е г е ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6 - том / Құраст.: Ж. Қоңыратбаева, Ғ.Қалиев, Қ.Есенова және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
4
Жүлдегерлік
— зат есім. Жүлделі орынға ие болушылық. Осы Алексей Семкин ең болмаса, ж ү л д е г е р л і к к е жетсе, шіркін! Онда тақиямызды аспанға атар едік («Соц. Қаз.»). ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6 - том / Құраст.: Ж. Қоңыратбаева, Ғ.Қалиев, Қ.Есенова және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
5
Күміс жүлдегер
— спорт. Спорт жарыстарынан екінші орын алған спорт шы. Біріншіліктің ең ақтық ойынын қостанайлықтар өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен өткізіп, 1:0 есебімен жеңіп, 32 ойыннан 76 ұпай ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 8 - том / Құраст.: Қ. Күдеринова, О.Жұбаева, М. Жолшаева және т.б. - Алматы, 2011. - 744 б.
6
Қола жүлдегері
— Қола медальмен марапатталған спортшы. ≈ Қ о л а ж ү л д е г е р і атанды. ...
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 9-том. / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011. -744 б.
7
БЕС БҰРЫШТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
— (МХР) бес түліктің озаты. Сұмыннан шыққан 17 б е с бұрыштың жүлдегерлеріне берілетін сыйлықты малшылар ортасында тапсырып, ынтасын арттырды («Ж. өмір», 15.05.1986). ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 б.
Ең көп ізделген сөздер
ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
ТАҒЫ
ҚАР
ЖҮКТЕУ
АППЛИКАЦИЯ
ЖАРАПАЗАН
АҚПАН
ӘУЛЕТ
АҚПАРАТ
Telegram мессенджерін жиі қолданасыз ба?
Онда төмендегі батырма арқылы, сайттың telegram-ботын сынап көр.
Іздеу