Меню
Qazaqsha
Cинонимайзер
Жүктеу
Барлық сөз
Жоба жайлы
MS Word плагині
Сөздікқор
Іздеу
сырбаз
Іздеу нәтижесі
Сұраныс бойынша
33
нәтиже табылды
1
СЫРБАЗ
— (ар.пар. сирбаз سرباز) – ашық, ештеңе жасырмайтын адам. ...
Г. Мамырбекова. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы. 2017. –658 б.
2
СЫРБАЗ
— сын. (1) Инабатты, ұяты бар, адамгершілігі мол, таупиқты * Сырға берік сырбазым. (2) Кербез, көркем * Сырбаз жеңеше. (3) Былбырап, бабымен піскен қозының жас еті. ...
Қайыржан К., Сөз - сандық: Қазақтың көне сөздері. - Алматы: "Өнер" баспасы, 2013. - 480 бет.
3
Сырбаз
— (Гур., Маңғ.; Орал, Жән.; Ақт., Жүр.) еттен әзірленетін тағамның бір түрі (теріге орап, ішіне от өртелген шұңқырға пісірген қой еті ). Сырбаздан баяғыда кірей (қ.) тартатын жолаушылар істейтін (Гур ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет
4
Сырбаз
— (Сем.: Көкп., Ақс.) сүр ет, кептірілген ет. Ол қонақтарға сырбаз асты (Сем., Көкп.). ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет
5
Сырбаз
— (Шымк., Түлк.; Қ.орда, Арал) семіз жас қозы немесе семіз қойдың дәмді еті. Семіз қой сырбаздың етін жедік (Қ.орда, Арал). ... сары ірімшіктің сарсуына піскен сырбаз етінің шырын дәмі келеді (Ә. К ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет
6
Сырбаз
— (Орал, Орда) әбден, езіле піскен ет . Ғалидікінен сырбаз жедік (Орал, Орда). ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет
7
Сырбаз
— (Сем., Көкп.) кербез, сылқым . Біздің қонақтың өзі бір сырбаз жігіт екен (Сем., Көкп.). ...
Қазақ тілінің аймақтық сөздігі /Құраст. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. - 824 бет
Ең көп ізделген сөздер
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ
ИТ АРҚАСЫ ҚИЯН
ТАҒЫ
ҚАР
ЖҮКТЕУ
АППЛИКАЦИЯ
ӘУЛЕТ
ЖАРАПАЗАН
АҚПАН
АҚПАРАТ
Telegram мессенджерін жиі қолданасыз ба?
Онда төмендегі батырма арқылы, сайттың telegram-ботын сынап көр.
Іздеу