Іздеу нәтижесі

Сұраныс бойынша 17 нәтиже табылды

  • 1 ШАРАСЫЗ — сын. 1. Істер амалы жоқ, амалсыз, лажсыз. Ойыны ма бұл иттің, шыны ма деп, Ашуы кеп бұл жолғы, мұны да көп. Шам жалыны – шарасыз, шайқатылып, Өзі ұрады өз басын шыныға кеп (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). «Сәл ...
  • 2 ШАРАСЫЗ — сын. Істер амал, айласы жоқ; амалсыз, лажсыз. Бала жатыр төсекте албыраған, Әке жатыр еденде қалжыраған. Түн күзетіп ана отыр, қос жанары Шарасыздан шаршаған, жаудыраған (2,173). Қорқынышты қатерде ... Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш. Құрманбайұлы, С.Исакова. "Мұқағали тілі" сөздігі. – Алматы, 2017
  • 3 ШАРАСЫЗДАН — үст. Амалсыздан, лажсыздан. Бірде Опрышконың самолетіне оқ тиеді де, шарасыздан жау жеріне қонады (Т.Бигелдинов, Аспан.). Күрсінді кемпір-шалдың бірі тұрып, Көзінің жасыменен бетін жуып. Қыздардай шар ...
  • 4 ШАРАСЫЗДАН — ет. Амалы құру, лажсыздану. Ол шарасызданып, сөзін қайта бастады (С.Бақбергенов, Мен.). Қонағым қолжазбасын жинап алды да, шарасыздана тұрып сұрақ қойды (3.Қабдолов, Сыр). Бұл орынға сенен басқа адам ...
  • 5 Шарасыздау — үст. Шарасы жоқтау, амалсыздау. Өзімнің де ойымда біраздан бері жүрген мəселеге бетпе-бет ұшыраса кеткен соң ба, даусым тым бəсеңдеу, шарасыздау естілді К.Сегізбаев, Жапжасыл., 418). ... Б.Қалиев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2014. - 728 б.
  • 6 ШАРАСЫЗДЫҚ — зат. Амалы жоқтық, дәрменсіздік, лажсыздық. Қысылғанда шарасыздықтан гөрі айла істеген жөн емес пе? (С.Бақбергенов, Белгісіз.). Ақбаланың амалы құрып, басына түскен шарасыздыққа шыдап келе жатқан-ды ( ...
  • 7 Шарасыздық — рефлекс доғасының зақымдануы салдарынан немесе ОНЖ-нің жоғары бөлімдерінің тежеуші əсерінің нəтижесінде рефлекстің атқарылмауы. ... Физиология терминдерінің түсіндірме сөздігі / Несіпбаев Т. 2-басылым. - Алматы: «Агроуниверситет» баспасы, 2004. - 226 б.