«ЕДІЛ-ЖАЙЫҚ»-

lat: «EDİL-JAIYQ»

ерлік дастаны. Жырды Еділ мен Жайық атты екі батырдың бір-бірін түсінде көріп, Қара дәу сияқты қаскөй күшке екеуінің бірге аттануы, оны өлтіруі, тұтқында жатқан Ақтұйғынды босатуы айтылады. Эпостың қолжазбасы Қазақстан Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы тұр. Семейден келгеннен кейін Абай қайта ауырып, ұйықтай алмай, тек әжесі Зеренің әңгімесін тыңдайды. Әжесі көп-көп ертегілер, соның ішінде « Е д і л - Ж а й ы қ » жырын майын тамыза айтып береді. Енді Абай оның әңгімелерін түсте де, кешке де айтқызатын болады («Қайтқанда»).