«ЖІГІТТЕР, ОЙЫН — АРЗАН, КҮЛКІ — ҚЫМБАТ»-

lat: «JİGİTTER, OIYN — ARZAN, KÚLKİ — QYMBAT»

Абайдың өлеңі. 1886ж. жазған. Ақынның жастарға арналған достық, татулық, сүйіспеншілік мәселесін қозғайтын насихат жыры. «Көкбай жаңағы Ербол айтқан Абайдың сәлемін өлеңмен қайта айтып шықты. Содан Абай өлеңін айтып кетті. Бар сөзін анық етіп, салмақтап, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңін ұзақ айтып еді». Мұны ұнатпаған Оразбай: «Абайдың жастардың ісіне килігіп несі бар?» дегеніне Базаралы: «Ей, Оразбай, ағаның ініге ақыл-өсиет айтуы да айып болды ма? Білгеніңді бүгіп, тапқаныңды тығып, көрге бірге әкетпекпісің? Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?» деп тыйып тастадыАбай аға»).