«Сана»

lat: «Sana»

әдеби-танымдық журнал. 1923 ж. қаңтар айынан 1924 ж. қараша айына дейін Ташкентте шығып тұрды. М.Әуезұлының «Бәйбіше-тоқал» пьесасына рецензия, «Түрік-моңғол тарихы», «Бұрынғы заманнан қалған заттарды қалай һәм қайдан іздеуге болады», «Ұйқы деген не?», «Жұлдыздарды күндіз көруге бола ма?», «Химия өзгерістері» т.б. тарих, этнография ғылымдары саласынан танымдық материалдар жариялап отырды. Журналды шығаруға Х.Досмұхамедұлы, Қ.Кемеңгерұлы т.б. Алаш қайраткерлері атсалысты.