20 жылы Алаш бағытында шыққан басылым. Ресми бағдары – Семей губкомы мен атқару комитетінің саяси, шаруашылық, мәдени, әдеби журналы. Семей қаласында 1925 ж. орта кезіне дейін ай сайын шығып тұрды. Редакторы – М. Әуезұлы. Журнал ел тіршілігіне, тұрмыс-салтына, саяси, шаруашылық, мәдениет мәселелеріне көбірек көңіл бөлді. Хат-хабар, мақала, өлең, әнгіме, очерк т.б. көркем әдеби және өнер шығармаларын жариялады.