lat: ÁÝE
(ар. һауа هواء)
1. Ауа, атмосфера.
2. Жел .
3. Климат, ауа-райы.
4. Ауысп. Аспан, көк, әуе.
Үйіне қайтып келеді, Әуеге қарап жүреді («Қобланды батыр». Ақсауыт. І том. 1977).
Жаңбыр жауар әуеден , Қара бұлт торласа («Хикаят рисала Мұңлық, Зарлық». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).