Қарулы Күштердің елді әуе мен ғарыштан жасалатын шабуылдан қорғайтын түрі. Ол ракета алып жүретін жойғыш авиациядан, зениттік-ракеталық, радиотехникалық және арнаулы әскер түрлерінен құралады. Қарулы Күштердің басқа түрлерімен бірлесе отырып, жаудың әуеден жасаған шабуылына тойтарыс береді, дұшпан күштерінің елдің әуе кеңістігіне енуіне тосқауыл жасайды. Бұл үшін олар зениттік-ракеталық кешендерді, жойғыш ұшақтарды алдын ала дайындап, хабарлайтын радиотехникалық құралдарды пайдаланады.