Әуе шабуылына қарсы қорғаныс

lat: Áýe shabýylyna qarsy qorǵanys

оған әуе шабуылына қарсы қолданылатын қорғаныс құралдары - зенит ракеталары, жойғыш авиация, радио-техникалық аспаптар жатады. Олар жаудың авиациясы мен қанатты және стратегиялық ракеталарының соққысына тойтарыс береді, жаудың ұшақтары мен ракеталарын жояды. Қорғаныстың нәтижелі болуы осы күштер мен құрал-жабдықтардың әдісін біліп, пайдалануға байланысты. Әуе шабуылынан қорғауға жататын объектілер: негізгі саяси-әкімшілік орталықтар, аса манызды шаруашылық объектілері мен аудандар, қатынасжолдары, ракеталарды ұшыру позициялары, алысқа ұшатын және транспорттық авиация аэродромдары, флот базалары, әскерлерді ұйымдастыру және дайындау аудандары, т.б.