lat: Áıel teńdigi
т а р. қ о ғ.-ә л е у м. Советтік идеологиямен байланысты әйелді еркекпен тең құқықты деп санау, әйел адамға бас бостандық алып беру мәселесі жөніндегі саяси-әлеуметтік көзқарас.
Міне, содан бері 4 жыл өтті, Қазіргідей заманда бұл аз уақыт емес. Содан бері талай кемшіліктер түзетілді. Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі – әйел теңдігі әлі де көңілдегідей жүзеге асқан жоқ (М.Дулатов, Шығ.).
Әйел теңдігіне немқұрайды қараушылық, жастардың сүйгенімен қосылуына кедергі жасаушылық жиырмасыншы, отызыншы жылдар былай тұрсын, осы күннің өзінде аз-кем кездесіп қалып отырады (Р.Бердібаев, Гүлстан.).