lat: Á
од. 1 . Бір нәрсені қоштағандықты, құптағандықты білдіреді .
– Келін қалай сілтейді, ә ?! Енді жеткізбейді, ол, – деп, Әбіт бастықты қайрап қояды (4,186).
Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс,
Айналаң алма-өрік, алда – қымыз.
Тәшкент шәрін өзіне бауыр тұтқан,
Жігітім, жақсы, ә , біздің Алматымыз?! (2,64).
2 . Бір нәрсе есіне түскен кезде айтылады .
Қалай еді? Ә , бір жас ақынның: «Жыршымын, күйшімін, Тезірек соқ, жүрек; күлші, күн. Бүгінге айналсын, ертең мен бүрсүгін» деген өлеңін оқыдым (4,216).
– Ә , ноғайдың қызы екен ғой, отыр, қарағым, – деп басу айтқан болды (4,180).
3 . Өкініш, күйініш, реніш мәнін білдіреді .
– Ой, әттеген-ай, ә ! Сорлы басым алғаш неге аңғармадым, қап! (4,169).
– Қап, әттеген-ай, ә ! Обал болды-ау бишараларға, - деп әжей де үйге кірді (4, 170).
4 . Сұрау мәнін аңғартады .
Ақырында Марусяны толғандырған сұраққа Көзімжанның өзі жауап берді: – Бұл кісіге еркектің киімі неге керек болды екен деп отырсың, ә , қызым? (4,193).
– Бұлар қайдан келді екен, ә ? – деп дал болып едім (4,98).