(мінез) (грек, charakter — мінез, ерекшелік)— кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына, психологиясына, қимыл-әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі. Сондай-ақ ол көркем образдың өзегі, негізгі арқауы. Характер жағдайға байланысты, істе көрінеді. Өмірдегі адам характерінен әдеби характерді айыра білу керек. Кейде жазушы характер ашу жолында өмірде бар адамның мінез қырларын пайдалануы мүмкін. Бірақ жазушы қиялымен жасалған мінездеу өмірді тану, оны бағалау мақсатымен ұштастырылады. Шығар- маның көркемдік идеясына, мазмұны мен түріне характер сомдаудың ерекше қатысы болады. Шығармада кейіпкер мінезін (характер) қалай сипаттауы жазушының шеберлігіне, оның өмір шындығына терең бойлай білуіне байланысты. Кейіпкердің, рухани әлемі, жан сыры, идеалы, күрес мақсаты оны мінездеу арқылы, іс-әрекетін нанымды бейнелеу арқылы көрінеді. М. Әуезовтың, Ж. Аймауытовтың шығармаларында сан алуан кейіпкерлер, қаһармандар өздерінің түрлі мінез қырларымен жанды да, шынайы ашылады. Әрқайсының басқаға ұқсамайтын дара болмысы, мінез бітімі бар. Мәселен М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында кейіпкерлер қанша көп болса да, олардың мінез-құлқы бір-біріне мүлде ұқсамайды. Міне, осылайша жазушы шеберлігі арқылы әр кейіпкердің өз мінез ерекшеліктері бой көрсетеді. Сондай өзгешеліктер арқылы кейіпкер образын, тұлғасын, жан-дүниесін танимыз. Не ойлайтынын, іс-әрекетінің қандай екенін білеміз. Шығарма оқиғасынын, ерекше шиеленісті сәттерінде мінез, кейіпкердін, әрекеті өте ширыға түседі. Мұның өзі сол кейіпкердің, динамикалы характерін ашық байқатады. Мінезді суреттеу тәсілдері жанрлардың түрі мен тегіне қарай әрқалай көрініс береді. Мысалы фольклорда ол өзгеше танылса, реалистік әдебиетте оған ұқсамайтыны белгілі. Сондай-ақ драма мен сатиралық шығармалардың да өз тәсілдері бар. «Қобыланды», «Алпамыс батыр» жырларындағы кейіпкер мінезінің суреттелуі мен «Абай жолы» эпопеясы және «Ботагөз» романдарындағы кейіпкерлер сипаты әр алуан. «Ботагөз», «Ақ Жайық», «Қан мен тер» романдарындағы бірқатар бас кейіпкерлер өзінің революциялық рухымен, күрескер мінезімен танылады. С. Мұқанов, X. Есенжанов, Ә. Нүрпейісов өз кейіпкерлерінің мінезін жан-жақты сипаттап, халық өкілінің мінез-бітімін нанымды бейнелейді. Кейіпкерді мінездеу тәсілдері әр түрлі. Кейде кейіпкердің мінез-құлқы қандай екені тікелей ашық айтылады. Оның нені ұнатып, нені жақтырмайтыны, нені қалап, нені қаламайтыны ешбір бүкпесіз беріледі. Ал кейде кейіпкердің мінез ерекшелігін жазушы әр түрлі жанама мінездеу тәсілдерін қолданып аша береді. Айталық, кейіпкердің мінез бітімі оған басқа кейіпкердіқ қатынасын, көзқарасын көрсету арқылы да айқын аңғарылып отырады. Жазушы кейіпкердің әр кездегі көңіл-күйін суреттеу арқылы да мінез сырларына үңіледі. Сондай-ақ монолог, диалогтардық да кейіпкер мінезін танытуға себі тиетінінде сөз жоқ. Ахметов 3.