адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан турлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебиет қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді. Және саяси, экономикалық, моралдық тағы, басқа талай-талай мәселелерді қозғайды. Алайда оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің, іс-әрекетін, мінез-құлқын көрсету қажеттігінен келіп, белгілі мөлшерде баяндайды. Аталған мәселелсрді әр түрлі қоғамдық ғылымдар арнайы зерттейтін болса, және әрқайсысы өз пәніне жататын мәселені жекелеп қарастыратын болса, әдебиетте жазушы адамның өміріндегі нақтылы жай-жағдайларды бейнелеу арқылы ондай мәселелердің қай-қайсысының болсын мән-маңызын ашып көрсете алады. Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әрекет ететін қоғамдық ортаны, жағдайды нақтылы бейнелейді, олардың іс-әрекетінің, мінез құлқының белгілі тарихи жағдаймен байланысын ай- қындап береді. Әдебиетте сан қилы табиғат құбылыстары, болмыстың алуан көріністері молынан суреттеледі. Әдебиеттің пәні мен әдебиеттегі мазмұнның сәйкестігі мен айырмасын, ара-жігін жою ажырату қажет. Әдебиеттің пәні көркем шығармаларда баяндалатын, суреттелетін өмір құбылыстары, өмір шындығы болса, ал әдебиеттегі мазмұн, сол өмір құбылыстарының жазушының көркем ой көрігінен өтіп, өңделген қалпы, көркемдік шындық. Әдебиеттің пәні, оның шеңбер-шегі қандай деген мәселені сөз еткенде өмірді көркемдеп суреттеу әдісінің өз өзгешелігі бар екенін есте сақтау қажет. Әдебиет өмірді көркем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке уақиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды ашып береді. Осы тұрғыдан қарағанда әдебиеттің пәнін, оның ауқымын, аражігін анықтау үшін жазушы нені бейнелейтінін айту аз, өмір құбылыстарын қалай іріктеп, қай қырынан келіп, қандай тұрғыдан баяндайтынын ескеру аса қажет. Қоғамдық өмірде әдебиет козғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ. Алайда алдымен әдебиет адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәсе- леге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Әдеби шығармада, әрине, тек тигітік жағдайлар, типтік іс-әрекеттйр ғана емес, әртүрлі детальдар, ұсақ-түйек, тіпті кездейсоқ жайлар да кездеседі. Бірақ олардың бәрі де толық, егжей-тегжейлі, әсерлі баяндау мақсатына қызмет етіп, негізгі идеяны неғұрлым терең ашып көрсетуге көмектеседі. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас корсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы суреттелуі оқушыға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп, шығарманық ой-санаға күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әде- биетте қоғам өмірі, тарихи даму процесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы, мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардық тағдыры арқылы керінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтарды әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді . Ахметов 3.