ӘДЕБИЕТТІҢ ҰЛТТЫҢ ЖӘНЕ ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ СИПАТЫ

lat: ÁDEBIETTİŃ ULTTYŃ JÁNE INTERNASIONALDYQ SIPATY

әдеби шығарма ұлттың тіл мәдениетінің, жемісі, ұлттың дүниетанымның, тарихи-поэтикалық зерденің аясында қалыптасқан, өз ұлтының шығармашыл өкілі болып табылатын қаламгердің туындысы. Сондықтан да ол ең әуелі өзі өкілі саналатын ұлттың рухани бітімін, тіршілік тынысын бейнелейді. Оған басқалардан гөрі өз ұлтының өмірі, арман мұңы етене жақын болады. Бұл оның, сол табиғи жаратылысындағы өмірді сезіну, түйсіну ерекшеліктеріне байланысты. Қай халықтың әдебиеті болмасын, қоғамдық өмірмен, халықтың тарихымен тығыз байланыста қалыптасады. Сондықтан әдебиеттте қоғамдық тәжірибеден туған, нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға орай сараланған ерекшеліктер, көркемдік дәстүрлер болады. Ондай өзгешеліктерді осы әдебиетте айрықша дамыған жанрлық түрлерден, көркем образдардың ұлттың сипатынан, әдеби, ақындық тілдің бояу-нақыштарынан, тағы сондай ерекшеліктерінен айқын керуге болады . Әдебиет алдымен ұлттың негізде пайда болып, дәстүрлі түрде одан әрі жалғасады. Кезінде А. С. Пушкин әр халықтың өзіне тән ойлау, сезіну мaшығы, дәстүр-салты, әдет-ғұрпы болатынын айтқан. Ал В. Г. Белинекий болса «Евгений Онегин» алғаш рет өлеңмен жазылған орыстың табиғаты ұлттың поэмасы еді және солай болып қалды» дейді. «Евгений Онегин» поэмасынан ұлы орыс халқының нақты сипатын байқау қиын емес. Әдебиеттегі көркемдік ой-сезім әр халықтың өз көзқарасы тұрғысында қалыптасады. Алайда ешбір халықтың әдебиеті томаға-тұйық, басқа елдердің мәдеңиетінен оқшау дамымайды. Басқа халықтардың әдебиеті мен мәдеңиетінен сусындап, өмір қажеттілігіне орай олардың жетістіктерін, көркемдік тәжірибесін өз бойына сіңіріп отырады. Мысалы, қазақ әдебиеті ертерек кезден көршілес шығыс халықтарының әдебиетімен жалғас дамыса, өткен ғасырдан бастап, әсіресе, орыс мәдеңиетімен, әдебиетімен өте тығыз байла- ныста өсіп-өркендеп келеді. Сөйтіп бір ұлттың әдеби табыстары өзге халықтар әдебиетіне ортақ арна болып қосылады. Халықтың шығармалар қашанда бүкіл адамзаттың игілігіне айналмақ. Біздің елімізде әдебиеттер байланысы барған сайын нығайып, өркендеп келеді. Ірі қаламгерлер тек ұлттың сипатта ғана емес, басқа да халықтарға рухани азық боларлық шығармалар жазады. Интернационалдық тақырыпты кең қамтиды. Ахметов 3.