1) елдегі басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жиынтық атауы; 2) елбасының, басқа да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың жұмысты басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кіретін жергілікті атқару органының атауы. Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы айқындалады. Әкімшілік әкімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің ұсынуымен мәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының экономиқалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, бюджеттен бөлінетін дотациялар мен субвенциялардан, мемлекеттік алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады. Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюджеттен тыс қор құра алады. Оған иесіз және тәркіленген мүліктерден түскен табыстар, сенбіліктер өткізуден, жергілікті займдар, лотереялар таратудан, аукциондардан түскен пайда кіреді. Әкімшілік бюджетті жоспарлап, қалыптастыру, жұмсау, шаруашылық қызметті ұйымдастыру, көлік пен байланыс, жер пайдалану, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды жөнімен пайдалану, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, т.б.), заңдылықты, құқықты, тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау құзыретін иеленеді.