ӘКІМШІЛІК ӨНДІРІСТЕР

lat: ÁKİMSHİLİK ÓNDİRİSTER

басқару істеріндегі біртектес топтарды қарау және шешу тәртібін реттейтін әкімшілік-процесуалдық нормалар жиынтығы. Әкімшілік құқық ғылымында өндірістер ұсыныстар бойынша, азаматтардың өтініштері мен шағымы бойынша, мадақтау істері бойынша, тәртіптік теріс қылықтар істері бойынша, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ерекшеленеді.