Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес мемлекет қауiпсiздiгi, моральдық-имандылық мүдделерi, адам өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiктерiн, меншiк құқығын, оның iшiнде зияткерлік меншiк объектiлерiне құқығын қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн және Қазақстан Республикасының басқа да өмiрлiк маңызды мүдделерiн басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасына жекелеген тауарлар мен көлiк құралдарын әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынады.