XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қоғамдағы адамзат дамуы заңдылықтарын биологиялық эволюциямен байланыстыратын және қоғамдық өмірдің анықтаушы факторлары ретінде өмір сүру үшін күресуге анағұрлым қабілеттілерді табиғи іріктеу принципін ұсынатын идеялық ағым (Г.Спенсер, А.Смолл, Э.Ферри және т.б.). Әлеуметтік қақтығыстар «табиғи», «болмай қоймайтын» құбылыстар ретінде бағаланады. Әлеуметтік дарвинизмнің анағұрлым реакциялық нұсқалары таптық үстемдікті, милитаризмді және сыртқы саясаттағы экспансионизмді жақтайды.