lat: ÁLEM
(ар. әлам عالم) – дүние жүзі, әлем.
Қайтесің дедім оған ақыретте, Әлемнің он сегіз мың бір Алласын («Хикая Әбушаһыма». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).
Ғашық болдым әзелі, Солды бәңзім ғазалы, Көрмедім мен әлемде , Зүһрадан гөзәлі! («Таһир-Зүһра». Ғашықнаме, 1976).
Әлемдеу – әйгілеу, жарқырату. Қалмақ шықты майданға, Шамасы елу жастағы Астына мінген әлемдеп , Мақпалдай қара қасқаны («Еспенбет». Дастандар, 1960). Әлеми – әлемдік, дүние жүзілік .