әлемде бірінші рет бүкіл жер шарынының этностық бейнесін толық берген кеңестік картографияның іргелі өнімі. Атласты КСРО ҒА Н.Н.МиклухоМаклай атындағы этнография институты және Геодезия мен картография бас басқармасы құрастырған. Картаның авторлары Б.В.Андрианов, М.Я.Берзина, С.И.Брук, Я.Р.Винников, В.И.Козлов, П.И.Пучков, Г.Ф.Дебец және т.б.. Жауапты редакторы - С.И.Брук пен В.С.Апенченко. Атлас - іріформатты, 81 карта мен 17 кеспекартадан тұрады. Картада халықтың этникалық құрамы берілген (1600 халық белгіленген, оның ішінде 910-ның әрқайсысы ерекше бояумен көрсетілген, ал қалғандары тек аңыз түрінде белгіленген).