ӘЛПЕТ

lat: ÁLPET

араб тіліндегі мағыналары «дос, достық қарым-қатынас», «жақын, жақындық» және «сүйкімділік». Қазақ тілінде «әлпет білдіру», «әлпет көрсету» тіркестерінің құрамында келіп, «жылылық таныту, ыңғай білдіру» деген мағынада жұмсалады. Сонымен қатар «бет-әлпет» сөзінің құрамында келіп, «бет-пішін», «кескін-келбет» деген ұғымдарда да қолданылады.