— тілімізде нашарлық, күшсіздік, қуатсыздық, қайратсыздық дейтін мағынада қолданылатын ұғым. Психикалык тұрғыда Әлсіздік адамның сезімдік танымы мен ақыл-ойы арқылы танып-білуінің ен төменгі деңгейі, физиологиялық тұрғыдан жүйке жүйесі қызметінің осалдығы. Әлсіздік қозу, тежелу процестерінің шапшаңдығы мен сылбырлығына қатысты жайттарды да бейнелейді. Бойдағы күш-қуатқа қатысты осалдық пен дәрменсіздік, ерік-жігерге қатысты қайратсыздық пен күшсіздік Әлсіздіктің көріністері. Әлсіздік кей жағдайда адам бойынан күш-қуаттың кетіп, белсіздікке ұшырауы. Мұндай жайт негізінен екі түрлі себепке (физиологиялық жэне биологиялық) байланысты. Адамның Әлсіздікке ұшырауы бойынан әл-қуаты кетіп, организмнің тозуы (қартаюы) биологиялық факторға жататын болса, оның ақыл-есінің нашарлап әлсізденуі психологиялық фактор болып саналады. Әлсіздік адамның науқасқа шалдығуы салдарынан да болады. Қартайған адамдардың жасы жетіп, Әлсіздікке ұшырауы табиғи құбылыс. Алайда ерік-жігері күшті адам бойындағы күш-қуатын сақтап, әлсіздікке бой бермейді. Әлсіздік қайраттылық пен ерік-жігер қасиеттің жандануы, қарттық пен қайратсыздықты мойындамай, өзінің ерік-жігерімен жеңіп шығуы.