ӘСКЕРЕ

lat: ÁSKERE

(Талд., Қарат.; Сем.: Үрж., Көкп., Ақс., Абай, Шұб., Аяг.; Шығ. Қаз., Зайс.; Жамб., Шу; Тау., Қош.) керемет, өте, аса тамаша.

Ой, біздің Нысанбай әскере адам (Талд., Қарат.).

Ол әскере жігіт еді ғой (Сем., Үрж.). Бірі - Әсиенің қырман басына келіп, көрінгенге соқтығуы әсіресе Хамза балаға әскере тиісуі еді (Б. Майл., Шығ., IV, 357). Қ. әскермен, әскері.