lat: ÁSKERI TURAQ (LAGER)
əскердің соғыс, жорық жағдайында тұрақтанған орны. Ə. т. жаудың шабуылына тойтарыс беруге дайындалған жəне түрлі соғыс мақсаттарын орындауға тірек бекеті болған далалық бекіністердің алғашқы формасы болды. Көшпелі халықтарда Ə. л. əдетте шеңбер түрінде құрылды да, бекініп, тұйықталған қорғаныс түріндегі ұрыс позициясына айналды. Құрылымы мен қолданылуына қарай лагерьлер уақытша (жорықтық) жəне тұрақты (көп уақытқа арналған) болып бөлінеді. Кейін көп уақытқа арналған лагерьлердің көбінде тұрақты құрылыстар салынып, терең қазылған ормен жəне балшықтан, тастан жасалған қабырғалармен қоршалып, қамал-қалаға айналды.