lat: ÁZ
байырғы қазақ қоғамында қазақ мемлекетінің негізін қалауда, саяси құрылымдарын жетілдіруде, сыртқы жаудан қорғауда, мəмілегерлік (дипломатиялық) қатынастар орнатуда айырықша еңбегі сіңген мəртебелі тұлғаларға халық таңған ерекше құрметті атақ. «Əз» деп атануға Жəнібек хан мен Тəуке хан ғана лайық болған. Олар əз-Жəнібек жəне əз-Тəуке деген атпен тарихқа енді. Əз сөзі «ізгі қасиетті, ардақты, аяулы, ғазиз, сыйлы» деген ұғымды білдіреді. Əз-Жəнібек хан мен əз-Тəуке ханға Ə. құрметті атауы билер кеңесінің, хандық немесе əскери кеңестің ұйғаруымен берілуі мүмкін.
«Дастарқаныңа береке берсін, Бақ-дəулетің өсе берсін, Əз-Жəнібектей көсем бол, Жиреншедей шешен бол», – деген сөз орамдары бата-тілектерде молынан кездеседі. Сондай-ақ, сыйлы, ардақты, құрметті адамдарға əз аға деп қолдану адамдар арасындағы сыйластықтың көрінісі болып табылады, ал əз тұтты сөз тіркесі қадір тұтты, ардақтады, сыйлады деген мағынада қолданылады.