Әдет-ғұрып

lat: Ádet-ǵuryp

адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталанып отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары. Әдет-ғұрыптарға көпшілікке ортақ еңбек ету әдістері, тұрмысқа және семьяға байланысты адамдар арақатынасының сол қоғамда кең тараған түрлері, дипломатиялық және діни салттар, тайпа, тап, халық өмірінің ерекшеліктерін бейнелейтін және басқ. қайталанып отыратын әрекеттер жатады. Әдет-ғұрыптан қоғамның өнегелілігі де байқалып, тарихи жолмен қалыптасады. Олардың пайда болуына және сипатына халықтың тарихын, шаруашылық өмірінің ерекшеліктері, табиғаттың ауа, жер-су жағдайлары, адамдардың әлеум. ахуалдары діни көзқарастары және т. с. с. әсер етеді. Әдет-ғұрыптардың қоғамдық дағды ретіндегі күші бар, ол адамдардың іс-қимылына, мінез-құлқына әсерін тигізеді. Сондықтан ол ғибраттық тұрғыда бағаланады. кейбір әдет-ғұрып бұған дейінгі таптардың мүдделерімен тығыз байланысты болғандықтан, оларда өткеннің қалдықтарына тән сипат болуы мүмкін.