Әдеттену, дағдылану, машықтану, көндігу

lat: Ádettený, daǵdylaný, mashyqtaný, kóndigý

Әдетке айналдыру, төселтіп алу.

Сағила үй ішіндегі жұмысты icтeн, әдеттеніп алған (Ә.Шәріпов).

Жұмыс істейтін адам белгілі бір тәртіпке үйреніп, белгілі уақытта тұрып, ас ішіп, ұйықтауға дағдыланады (С. Жұмабаев).

Пернеге машықтанған кәpi бармақ,

Арынын домбыраның шыңға самғап

Ақтарып Жетісудың тасқынындай

Ал ағыт өлеңіңді Горькийге арнап (Жамбыл).

Төрехан қазір майдан қиындығына әбден көндігіп, бойы үйреніп кетті (С. Сейітов).