Әкелу, алып келу, әпкелу

lat: Ákelý, alyp kelý, ópkelý.

Бір жақтан бір нәрсені жеткізіп беру. 1942 жылдың сәуір айында біздің дивизияға Қазақстаннан бір топ делегация келіп, көп сыйлықтар әкелді (М. Ғабдуллин). Біздің үйде қалдырған жүкті осында алып кел, - деп ұлын жұмсады («Самғау»). Баласының әпкелген елігіне анасы қуанып қалды («Мәдениет және тұрмыс»).