lat: Áketaı, áketaıym, ákebas, ákem, ákejan, ákeshim, kókem, kóketaı, kókeshim, kókejan
Өз баласын немесе баласындай адамды еркелетіп айтылатын қошемет сөз.
Әкетай, қазip бітіреміз, үлкен үйге бара тұршы (Ш. Хұсайынов).
Әкетайымның қарны ашып қалыпты ғой, - деп шешеci жік-жапар болып жатыр («Қаз. әдеб.»).
Отыршы, әкебас, асықпай бізге жай-жапсарыңды айтып бер, - деді Сейдахмет қана жанашырлық білдіріп («Мәдениет және тұрмыс»).
Өте бер, әкем, бізге кipyгe әм ертерек, - деп бір апай жол берді (Ауызекі тіл).
Әкежан, мына қапты көтеріп арбаға салып берші, - деп бір Әжей қиылып сұрады (Ауызекі тіл).
Менің сол әкешімді қаралапты, елдегі өсек, пәле терген қулар (Қ.Бекқожин).
Келе қойшы, көкем, - деп, апасы үш жасар ұлын көтеріп алды (Ауызекі тіл).
Бораншы ауылын сілтеп жіберіңіздерші, көкетайларым (Ж. Молдағалиев).
Тиген кім саған, көкешім, танытайын көкесін (Ш. Смаханулы).
Ала ғой, көкежаным, - деп қария немересіне қалтасынан бірдеме алып беріп жатты (Ауызекі тіл).