Әкетай, әкетайым, әкебас, әкем, әкежан, әкешім, көкем, көкетай, көкешім, көкежан

lat: Áketaı, áketaıym, ákebas, ókem, ákejan, ókeshim, kókem, kóketaı, kókeshim, kókejan.

Өз баласын немесе баласындай адамды еркелетіп айтылатын қошемет сөз. Әкетай, казір бітіреміз, үлкен үйге бара тұршы (Ш. Хұсайынов). Әкетайымның қарны ашып қалыпты ғой, - деп шешесі жік-жапар болып жатыр («Қаз. әдеб.»). Отыршы, әкебас, асықпай бізге жай-жапсарыңды айтып бер, - деді Сейдахмет кана жанашырлық білдіріп («Мәдениет және тұрмыс»). Өте бер, әкем, бізге кіруге әлі ертерек, - деп бір апай жол берді (Ауызекі тіл). Әкежан, мына капты көтеріп арбаға салып берші, - деп бір әжей қиылып сұрады (Ауызекі тіл). Менің сол әкешімді қаралапты, елдегі өсек, пәле терген қулар (Қ. Бекхожин). Келе қойшы, көкем, - деп, апасы үш жасар ұлын көтеріп алды (Ауызекі тіл). Бораншы ауылын сілтеп жіберіңіздерші, көкетайларым (Ж. Молдағалиев). Тиген кім саған, көкешім, танытайын көкесін (Ш. Смаханұлы). Ала ғой, көкежаным, - деп қария немересіне қалтасынан бірдеме алып беріп жатты (Ауызекі тіл).