Әкімдер институты

lat: Ákimder ınstıtýty

қ о ғ.-с а я с и. Қазақстандағы әкімшілік-аумақтық бөлік- тердің жергілікті атқару органдарының тағайындалатын басшысы болуымен сипатталатын әкімшілік басқаруды ұйымдастыру, реттеудің бір формасы. Ә к і м д е р и н с т и т у т ы енгізілген кезде атқару билігінің бұл тұлғасы туралы әрқилы пікір айтылғанмен, дәл қазір жергілікті басқаруда әкімдер пәрменді де жанды жұмыс атқарып, Елбасының мемлекеттік саясатты жүргізуде арқа сүйейтін тегеурінді күшке айналғаны анық. Билік институты. с а я с и. Қоғамдық өмірді, адамдардың әрекетін ұйымдастыру, реттеудің бір формасы, қоғамның әлеуметтік құрылысының бір элементі. Оның мақсаты мемлекеттік б и л і к и н с т и т у т т а р ы н демократияландыру, адал да әділ сайлау жүйесін құру, оларға саяси партиялардың белсенді түрде қатысуы, республиканың саяси өміріндегі Парламенттің дербес билік тармағы ретіндегі рөлін көтеру, депутаттардың мәртебесін жоғарылату, Үкімет мүшелерінің жауапкершілігін күшейту, сот- құқықтық жүйесін және мемлекеттік қызметті реформалауды одан әрі жалғастыру болатын өзінің заң шығару қызметін бастаған кезде бірінші сайланған Парламенттің құқықтық («Егемен Қазақстан»).