Альбомдық лирика

lat: Álbomdyq lırıka.

әдеб. Орта ғасырдағы француз поэзиясының лирикалық жанры.

Альбомдық лирика жанрына жататын өлеңдерге тән басты қасиет - сыршылдық, нәзік сезімге берілу. Бұл қасиет оңаша, өзімен өзі болып отырып сыр шерту, көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді, жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан (Әдебиеттану термин.).

Орыс классиктерінің альбомдық лирика үлгісінде жазылған туындылары әлеуметтік сипат алып, маңызды қоғамдық мәселелерді қозғады. (Әдебиеттану термин.).