lat: Álpınızm
зат. спорт. Альп тауына байланысты аталған, спорттың тауға, тау шыңына жаяу шығатын, өрмелеп көтерілетін түрі.
Қазақстанда альпинизмнiң дамуы 30-жылдардан басталады (ҚҰЭ).
Туризм, альпинизм, парашютизм жастар арасында жаппай тарады (Ш.Өтепов, Өшп. жалын).
Альпинизм спортының негізі - шыңға шығу жолында кездесетін қиын-қыстау кедергілерден арнаулы әдіс-айла жасап өту. Сондықтан да ол спортшыдан күштілікті, өптілікті, төзiмдiлiк пен жүректiлiктi, тапқырлықты, адал достықты талап етедi (ҚСЭ).