lat: Álsireý, qaljyraý, talmaýraý, qaljaýraý
Бойдағы күш-қуаты азаю, кему, ciлесі қату.
Өңi қуарып, әлсіреп қалған ауру жігіт ерні қыбырлап, сыбырлай сөйлейді (М. Әуезов).
Арпалыспен қанша уақыттың өткенін де білмеймін. Әлім кетіп, өзім де қалжырадым (Ә. Жылқышиев).
Әжімді жүзі сарғайып, талмаураған ана терең ойға шомып томсарады (С. Орманов).
Осы топ қойдың даусы барлығып, әбден қалжаураған қойшы да келді (С. Бегалин).