lat: Ált
зат. муз.1. Скрипка тектес, бірақ одан үлкенірек, қоңыр дауысты шекті аспап.
Техникум оқушылары скрипка, мандолина, домбыра ( а л ь т, бас, қонтробас) және балалайка үйрендi («Қаз. әдеб.»).
XIX ғасырдың соңында В.В.Андреев музыкалық аспап шеберi С.И.Налимовпен бiрiгiп балалайканың жетілдірілген түрлерiн (прима, альт, секунда, бас, қонтрабас) жасап шығарып, оларды оркестрге қосты (ҚҰЭ).
2. Хордағы немесе әншілер тобындағы балалардың, әйелдердің төменгі дауысы, партиясы (меццо-сопрано, контральто).
Әйелдердің төменгі (жуан) дауысы - а л ь т (Хормен жұмыс.).
3. Үрмелі аспаптың бір түрі (альгорн).
4. Қос сөз түріндегі оркестр аспаптары атауларының бір сыңары (альткларнет, альт-тромбон, альт-домбыра).
Xалық аспаптар оркестрінде кездесетін аспаптың түрі: төрт ішекті альт -қобыз, үш iшектi домбыра- альт (ҚСЭ).