lat: Áltrýızm
[франц. altruisme] зат. филос. Қара басының ғана қамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын моральдық принцип.
Альтруизм терминін өзiмшiлдiк принципке қарсы қою мәнінде этикаға тұңғыш енгізген француз философы О.Конт болатын (ҚСЭ).
Альтруизм элементтерi ежелгі үнділердің діни ілімдерінде, соңынан христиан дінінің моральдық принциптерінде кездеседi (ҚСЭ).