Альтруизм

lat: Áltrýızm

(лат. Alter өзге ,басқа) өзге адамдарға қалтқысыз қызмет ету, олардың игілікті үшін өз мүдделерін құрбан етуге дайын болу мәніндегі адамгершілік принципі; эгоизмге қарама-қарсы ұғым. Алтруиузм терминін философияға Конт енгізді, ол өзінің этикалық жүйесінің негізінде Алтруизмді арқау етіп алды. Конт оны эгоизмге қарама-қарсы қоя отырып, адамның моральдық тұрғыдан жетілуін адамдарда Алтруизм сезімін тәрбиелеумен байланыстырады. Алтруизмнің жекелеген идеялары бұдан да ертерктегі этикалық ілімдерде христиандықтың алғашқы бастауларында, Франциско Ассизский ілімінде (орта ғасыр) дамытылды; ал жаңа дәуірде оны көптеген ағартушылар (Юм ,А. Смит ,Руссо,Гете т.б. ) дамытты. Алтруизмдегі жеке адамның мінез-құлқына қойылатын моральдық талап эгоизмге, басқаша айтқанда, адамның өз мінез құлқында бірінші орынға өзін-өзі сүю, арамдық ойлау, өзге адамдардың мұқтаждықтары мен мүдделерін ұмыту сияқты ныщандардың шығуына қарсы тұру. Мінез құлықтағы Алтруизмнің жүзеге асуының нақтылы формалары жақын-жуыққа сүйіспеншілік көрсетудің әр алуан көріністері қайырымдылық, ізгілік, филантропия т.б. түрінде байқалады.