АЛЬТРУИЗМ

lat: Áltrýızm

Негізгі орталық мотив немесе адамгершіліктік бағалаудың белгісі басқа адамның немесе әлеуметтік қауымның мүддесі болып табылатын тұлғаның құндылықтық бағдарлар жүйесі. Басқалардың мүдделерін ескеріп отыратын мінез-құлық, әдетте ол эгоизмге, өзімшілдікке және даралыққа кереғар мінез ретінде қарастырылады. Альтруизм термині француз философы О.Контпен эгоизм ұғымына қарама-қарсы ұғым ретінде енгізілді.

Альтруизм негізгі идеясы - басқа адамдардың мүддесі. игілігі үшін атқарылатын прагматикалық мақсатқа бағытталмаған іс-әрекет. Альтруизм адамның саналанған құндылығына айналып. оның бүкіл мінез-құлқын анықтайды. Сонда ол тұлғаның өмірлік мағынасына айналады. Альтруизм - абсолютизациялау да оны мүлдем бағаламау сияқты теріс ұстаным. Альтруизм адамдардың күнделікті өміріндегі, қарым-қатынасы мен іс- әрекетінде адамгершілікті, гуманизмді іске асырудан тұратын әлеуметтік- психологиялык феномен де болып табылады. Альтруизм іске асырудың механизмі болып (мысалы. өз өмірімен жан кешумен баланы кұтқару) нақты қауіпті жағдайларда жанданатын жағдаяттық альтруистік бағдар табылуы мүмкін.