lat: Áltrýızm
негізгі орталык мотив немесе адамгершіліктік бағалаудың белгісі басқа адамның немесе әлеуметтік қауымның мүдесі болып табылатын тұлғаның құндылықтық бағдарлар жүйесі.
Басқалардың мүдделерін ескеріп отыратын мінез-құлық, әдетте ол эгоизмге, өзімшілдікке және даралыққа кереғар мінез ретінде қарастырылады.
Альтуризм термині француз философы О. Контпен эгоизм ұғымына қарама-қарсы ұғым ретінде енгізілді. Альтуризм негізгі идеясы — басқа адамдардың мүддесі, игілігі үшін атқарылатын, прагматикалық мақсатқа бағытталмаған іс-әрекет. Альтуризм адамның саналанған құндылығына айналып, оның бүкіл мінез-құлқын анықтайды. Сонда ол тұлғаның өмірлік мағынасына айналады.
Альтуризм — абсолютизациялау да оны мүлдем бағаламау сияқты теріс ұстаным. Альтуризм адамдардың күнделікті өміріндегі, қарым-қатынасы мен іс-әрекетінде адамгершілікті, гуманизмді іске асырудан тұратын әлеуметтік-психологиялық феномен де болып табылады. Альтуризм іске асырудын механизмі болып (мысалы, өз өмірімен жан кешумен баланы құтқару) нақты қауіпті жағдайларда жанданатын жағдаяттық альтруистік бағдар табылуы мүмкін.