Әшекей, өрнек, ою, мәнер, нақыс, нақыш, безеу, бедер

lat: Áshekeı, órnek, oıý, máner, naqys, naqysh, bezeý, beder,

Бір нәрсенің бетіне түсірілген сымбат өнерінің суреттері. Үйдің екінші жағындағы алуан түрлі әшекейі кете бастаған ағаш төсектің үстінде ұйықтап жатқан өзінің шалы Қазыбектен басқа бұл үйде қазір жан жоқ (Ә. Әбішев). Шебер қол ақ жібекке өрнек салған, бір қымбат нәрсе екен-ау жүрер есте (3. Шүкіров). Неше түрлі әдемі оюлар салған жаңа сырнай оған қатты ұнады (С. Бақбергенов). Киев жаңа салынған үйлерімен ғана емес, әрқилы мәнермен салынған ескерткіштерімен де әдемі (К. Тоқаев). Кешегі өзіне ғана тән бейнелеу нақысы мен ою-өрнегін жоғалтып алып, қайтадан таба алмай жүрген халық аз ба (Т. Ахтанов). Әр тасы, әр бояуы, әр нақышы жанданып, күмбірлеп тұрғандай сезіледі (А. Лекеров). Алтыннан бір безеуге жабдық салып, ертемен залға біреу келді алып (Т. Ізтілеуов). Кейбір жартастың бетінде шілтер сияқты күрделі бедерлер өрнектеледі (С.Орынбаев). Таяғын кенет жігіт қолына алды, Оймышқа бетіндегі көзін салды (Ө. Тұрманжанов).