Әскери [әскерлік, соғыс] округ

lat: Áskerı [áskerlik, soǵys] okrýg

КСРО-дағы әскери бөлімдердің, құрамалардың орналасуына қарай бөлінген жалпы әскери аумақтық бірлестік.

Соғыс жылдарында республика территориясында төрт әскери округ әскери ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді (Қ.Досқалиев, Қаһарман.). Бұл совхоздың құрылысын өз міндетіне, шефтік ретінде серттесіп алған Түркістан әскерлік округі еді (М.Әуезов, Шығ.). Содан кейінгі кездің бәрінде де Орта Азия соғыс округі әскерлері командашысының орынбасары болып қызмет істеп келемін (С.Нұрмағамбетов, Жауынгер.). Соғыс округін округ әскерлерінің СССР Қорғаныс министрлігіне бағынатын қолбасшысы басқарады (ҚСЭ).