Әскери ант

lat: Áskerı ant

жауынгерлердің Отанына, халқына, үкіметіне өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір жауынгер Қарулы Күштердің қатарына кіргенде жеке-жеке әскери ант береді және оны өзінің қолын қоюмен бекітеді. Отанына ант бере отырып, азаматтар ең жоғары және ардақты міндеттеме алады. Ол Отанынын ар-намысын, бостандығын, тәуелсіздігін қорғау, игілікті және жарқын мақсаттарға адал болу. Әскери ант үлкен мемлекеттік маңызы бар құжат, оның мәтінін Президент бекітеді және заңдық күші бар. Әскери антта - халқымыздың Қарулы Күштеріне қойған негізгі міндеттері және жауынгерлердің маңызды қасиеттері қандай болуы керектігі көрсетілген. Антты бұзу, Отанға опасыздық ету, жау жағына шығып кету, мемлекеттің әскери қуатына зиян келтіру шпиондық әрекет - барып тұрған жауыздық болып есептеліп, заңның ең қатал күшімен жазаланады. Командирлер мен әскери басшылар қол астындағы жауьштерлерінің әскерт анттың ардақтылығы және мызғымастығы туралы түсінігінің саналылығын қуаттап, одан әрі дамытуға міндетті.