әскери қызметтің белгісі және әскери ар-намыстың символы. Әскери адам- дардың мундирден немесе погоннан айрылуы - масқаралық және қолданылатын жазаның ең ауыры. Мұндай жазалар әдетте әскери жарғыны орындамаған, ұрыс майданында жүрексіздік, қажырсыздық білдірген, әскери ынтымақты, армия заңдарын өрескел бұзған жеке әскери адамдарға немесе әскери бөлімдерге қолданылады. Қазақстан Армиясы 1993 ж. бастап бірыңғай әскери форма киюге көшті. 1997 ж. Армиямызда әскери форманың парадқа, жорыққа, күнделікті киетін жаңа түрлері қабылданды.