Әскери комендант

lat: Áskerı komendant

1. Командир, гарнизон бастығы. 2. Әскери қызмет лауазымы, Қазақстан Армиясы Қарулы Күштерінің гарнизон коменданты қоғамдық орындар мен көшелерде әскери қызметшілердің жауынгерлік тәртіпті сақтауын, гарнизон қарауылы мен патрульдерінің өз қызметін дұрыс атқаруын бақылайды, жалпы гарнизондық объектілерді қорғау қызметін ұйымдасгырады. Темір жол, су аймағының, станцияның (порттың) Әскери коменданты Қорғаныс министрлігінің өкілі болып есептеледі және ол ескери қызметшілер мен әскери техниканы тасымалдауды қамтамасыз етеді.