Әскери округ

lat: Áskerı okrýg

әскери бөлімдердің, құрамалардың, әскери оқу орындарының және әр түрлі жергілікті әскери мекемелердің орналасуының әскери-территориялық бірлестігі. Әскери округті Қорғаныс министрлігіне бағынатын қолбасшы басқарады. Мемлекет территориясын Әскери округке бөлу әскерлерді басқаруды жеңілдетіп, мемлекеттің қорғанысын күшейтуге байланысты жүргізілетін оперативтік, әскери-саяси дайындық шараларын өткізуді қамтамасыз етеді.