Әскерлерді эшелондау

lat: Áskerlerdi eshelondaý

әскерлерді бірінен соң бірін белгілі қашықтықта бөлшектеп орналастыру. Әскерлерді эшелондау операцияның мақсатына қарая бейімделеді. Әскерлерді эшелондау шешуші кезеңде шайқасқа екінші немесе келесі эшелондарды кіргізіп, жаудың шабуылга шыққан күшіне тойтарыс беруді қамтамасыз етеді. Жорықтағы әскерлердің жау көзінен тасаланып қозғалуына, жаудың атом қаруы зардабын азайтуға мүмкіндік береді. Жаудың ядролық шабуылы болғанда әскерлерді эшелондау жауынгерлердің әскери қабілетін сақтайды. Қазіргі кезде бөлімдердің жауынгерлік сапқа тұруы бірнеше эшелондардан құралады. Әскерлерді эшелондау саны мен оның құрамы жауынгерлік қимылдың түріне, шешетін міндеттің сипатына, нақтылы жағдайға байланысты әскери күштің барлық түрінде іске асырылады.