бөлімдерді, құрамаларды барлық материалдық жабдықармен қамтамасыз ету. Оны тыл қызметіндегі бөлімдер ұйымдастырьш, іске асырады. Әскерлерді барлық материалдық және техникалық жабдықтармен дер кезінде, толық қамтамасыз етудің бейбіт және соғыс кезіндеде маңызы зор. Жауынгерлерге, бөлімдерге және құрамаларға керекті барлық заттар өзінің қолданылатын түріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді: ракеталы-артиллериялық қару-жарақ, киім-кешек, азық-түлік жабдықтары, т.б. Әскерлерді жабдықтау тылдың міндеті: материалдық керек-жарақтың қабылдануын, есепке алынуын, берілуін және ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді; жауынгерлердің тамақтануын, солдаттардың, сержанттардың және офицерлердің күнделікті шаруашылыққа керекті заттармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады; әскери жабдықтар мен ақшалай қаражаттың жұмсалуына бақылау жасайды.