lat: ÓKİL
зат. 1 . Белгілі бір мекеменің, ұйымның мүддесін жүзеге асыру үшін келген ресми адам.
Бір күні мені келіп жатқан көп өкілдің біреуі шақырып алып, ескіліктің қалдықтарымен, қазақшылықты тастамай, артельге кірмей жүргендермен қалай күресетіндігімді түсіндірді (4,121).
– Шеше, мені өкіл жіберді. Бәрібір көліктеріңізді аламыз, – дедім (4,122).
2 . Белгілі бір топтың атынан келген кісі, сол топқа жататын адам . Қандай да ғылым иесі, қандай да өнер өкілі болмасын, өздерінің тындырған ісінің қорытындысына поэзиялық көзбен қарауы тегіннен-тегін емес (4,274).
Бұл жылы жыр бәйгесіне әр толқынның өкілдері қатысыпты (4,281).